Ninety One тобының экс-мүшесі сотталып кете жаздады
Ninety One тобының экс-мүшесі, көпшілікке A.Z. лақап атымен танымал Азамат Зенкаев адамды ұрып-соғып, қашып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан кадр
Биыл тамыз айында Азамат Зенкаевтың басы дауға қалды. Ол әлдекіммен дауласып, жанжал барысында жәбірленушіге жұдырық жұмсаған. Болған жағдайдан кейін рэп орындаушысы сот алдында жауап берді.
Іс ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша “Денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе жалпы еңбекке қабілеттілігінің шамалы жоғалуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру” қаралды. Азамат Зенкаев өзінің кінәсін мойындады.
Алғашында ол айыппұл немесе қамауға алу жазасына кесілген болатын. Алайда жәбірленуші Азамат Зенкаевты кешірді. Нәтижесінде қос тарап өзара келісімге келгендіктен, іс жабылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған