Соңғы жаңалықтар

Ninety One продюсері: Болат Назарбаев қызымен жұмыс істеуді маған тапсырды

Атышулы "Ninety One" тобының продюсері, бұрынғы "Орда" тобының мүшесі Ерболат Беделхан Болат Назарбаевтың қызымен бір жыл жұмыс істегенін айтты. 

Бұл туралы Талқылайық бағдарламасында айтылды.

Ерболат Беделхан Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың қызымен жұмыс істеген айтты. Алайда келісім-шарт бір жылға ғана жасалған. Одан бөлек уақыттың тығыздығынан бірге жұмыс істеуге, дайындыққа уақыт бөле алмапты. Ал, Ерболатқа бұл жобаны Болат Назабаевтың өзі ұсынған. 

"Болат мырзаның қызы Альба менің жобам болды. Бір жыл жұмыс істедік. Қазір тоқтап тұр. Болашақта қалай боларын сөйлесіп жатырмыз. Болат Назарбаев маған осы жобаны қолға алшы деп қолқалады. Мен бас тарттым. Себебі ол кезде қарбалас еді. Уақыт тапшы болды. Жобаларым көп болды. Алайда Болат мырза екі-үш рет кездескенде қызымен таныстырып, кездестірген еді. Солай маған тапсырды", - деді продюсер. 

Беделханның айтуынша, Альбаның уақытының болмауына байланысты бір жыл ішінде көп нәтижеге жете қоймаған.

"Бір жыл деген өте аз. Бір жылда дайындала алмайсың. 8 трек жазып үлгердік. Альбаның уақыты болмады. Әзірге тоқтап тұр. Себебі келісім-шарт солай жасалған", - деді Ерболат мырза.

Айта кетейік, бір кездері қатарынан бірнеше бейнебаян түсіріп, жастардың жүрегінен орын тапқан BN тобы өз жұмысын тоқтатты. БАҚ беттерінде Альбина, Әлішер және Айдын есімді ағайындылардан құралған топқа Болат Назарбаевтың жары Гүлнұр Назарбаева жетекшілік етеді деген ақпарат бар. Топтың тарауына небәрі 16 жастағы Альбинаның шетелге оқуға кетуі себеп болды.



 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр