Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ninety One-ның бір жігіті топтан шығып кетті

Жастар арасына аса танымал NinetyOne тобының мүшесі Азамат Зенкаев топтан шығып кетті. 

Бұл жаңалық жанкүйерлеріне ұнай қойған жоқ. Топтағы бір әншінің топтан кетуі олар үшін үлкен проблема. 

JUZ Entertainment әртіспен арадағы мәселеге байланысты келісім-шарттың бұзылғанын мәлімдеді. Нақты себебі айтылған жоқ. Компания Азаматқа алғыс айтып, NinetyOne тобына қосқан үлесі үшін рахметін жеткізді. 

Бұл жаңалыққа сенбеген әншінің тыңдармандарының көңіл-күйі түсіп кетті. Олар әншінің не себепті кеткенін сұрап әлек. 


Жылына 100 млн теңге: Ерболат Беделхан Ninety One тобының табысын ашып айтты


"5 жылдықты қоя тұршы көкейді тесіп бара жатырған сұрақ не себептен кетті кім біледі????", "Неге кетеді? Онсыз топ қызық емес", "Оның тыңдармандары не істейді?", "Үйленетін шығар бәлкім", "Азаматты қайтарыңдар", "Бұл әділетті емес, неге аяғына дейін жетпейді екен", - деген сұрақтар толастар емес.

Айта кетейік, Ninety One немесе 91 — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 5 мемберден тұратын қазақстандық бойз-бэнд. Топ мүшелері: A.Z., ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Топ K-pop жанрынан бастау алып, Q-pop (Qazaq-pop) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.

Талқылау