Ұлдана Мырзуанның енесі қазақстандықтар жинап берген 20 миллион теңгені қайда жұмсағанын айтты
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнел “Қазақстан халық партиясының” YouTube арнасына берген сұхбатында марқұмның мұрасы қалай бөлінгенін және әкімдік берген қаржының қайда жұмасалғанын баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әділет Зейнелдің айтуынша, Ұлдананың анасы көлікке әу баста Әділеттің өзі лайық екенін айтқан. Бірақ кейін отбасы бұл ойынан айнып қалған.
“Ұлдана көзі тірі кезінде сенің көлікті алуға көмектескеніңді, алғашқы жарнаға ақша қосқанын, бірге алғандарыңды айтатын. Бұл көлікті сенен басқа ешкім бағалап, қолдана аламайтынына сенімдімін. Көлікті саған қалдарамын” деген әңгіме болды. Сәуір айынан бастап Ұлдананың әкесі көліктің өзіне қажет екенін айтып маған жазып, хабарласа бастады. Кейін Ұлдананың ағасы жазып, көліктің қажет емес екенін айтты. Осымен келісімге келген сияқты болғанбыз. Бірақ олар кейін қайта шығып менің жәбірленуші мәртебесінен де, көліктен де бас тартуымды талап етті. Мен жәбірленуші мәртебесінен бас тартпаймын. Өйткені бастапқыда бәрінің басы-қасында өзім болдым. Бастаған ісімді өзім аяғына дейін жеткіземін”, – дейді Әділет.

Ал анасының айтуынша, тойдан кейін болған жанжалдан соң 20 шілде айында көлікті Ұлдананың ата-анасының атына аударып берген. Қазір көлік ата-анасының қолында.
“Көлікті ата-анасына берген соң Ұлдананың зейнетақысында жиналған ақша Әділетке беріліді. Біз Ұлдананың ата-анасымен солай келістік. Өйткені оның бар мұрасы көлік пен зейнетақы қоры болды. Нотариусқа жүгінгенде олар мұның үш бөлікке бөлінетінін айтты. Олар әкесі, анасы және Әділет. Көлік сатылымға шығу керек екен. Анасы көліктен бас тартыңдар деді. Біз көліктен, олар зейнетақы қорынан бас тартты. Мұны құжат бойынша да бекіттік. Зейнетақы қорындағы ақша – 2 миллион 300 мың теңге. Ешқандай өтемақы төленген жоқ. Әкімдік адамдардан жиналған ақша, бата деп 20 миллион теңге берді. Қазір сол ақшаның қайда жұмсалғанын көрсететін түбіртектерді әкелдім. Көлік несиеге алынған еді. Ол Еуразиялық банкте кепілде тұрған. Шамамен 10 миллион теңгені көлікке төледік. Менде ақшаның төленгенін растайтын түбіртек пен кепілден шығарылғаны туралы анықтама бар. Көлік 2025 жылы шілде айында сатып алынды. Ұлдананың қазасына дейін 3 ай ғана төленген. Негізгі соманы қарашаның аяғында төледік.

Кейін Әділет анасына бұрынғы ата-енесінің Ұлдананың ұзатуына несие алғанын айтқан. Сондықтан Ұлдананың анасына және әпкесіне ақша аударған.
“Мен анасына 3 миллион 900 мың теңге, Әділет әпкесіне 1 миллион 100 мың теңге аударды. Бұл ақшаның барлығы 20 миллион теңгеден алынды. Әпкесіне тағы да 1 миллион 340 мың теңге аударылды. Сондай-ақ біз Ұлдананың қырқына дейін әр апта сайын бейсенбі асын бердік. Қалған ақша осы асқа кетті. Бұл ақшаны біздің отбасы да, ол жақ та өз қажеттілігіне жұмсаған жоқ. Тек көліктің және, ұзатуға алынған несиені төледік. Ал Kaspi Bank-тегі Ұлдананың қарызын банк өзі жапты”, – дейді Эльза Ерманова.


Әділеттің өзі “әкімдіктен пәтер талап етті” деген ақпаратты жоққа шығарды. Ол қазір өзі еңбектеніп сатып алған пәтерде анасымен және бауырымен бірге тұрып жатқанын атап өтті.
“Ешқандай өтемақы алған жоқпыз және алдағы уақытта да талап етпейміз. Ол жұмыс кезінде жарақат алды. Ұлданаға медаль берілді. Енді біз өтемақы талап етсең адамшылығымыздан не қалады? Мен өткенім мен қазіргі өмірімді байланыстырмаймын. Бірақ бұл Ұлдананы мүлдем ұмыттым деген сөз емес. Ол мен үшін қаһарман болып қалады. Мен оны сүйдім, сүйемін де. Бірақ қанша жерден біз адамды жақсы көрсек те оны қайтара алмаймыз. Мен ары қарай өмір сүруім керек”, – дейді Әділет.
Анасы Эльза да Ұлдананы ұмытпайтынын, оның жүрегінде екенін, артынан Құран оқып, еске алатынын айтты.
Алматыдағы саябақта агрессивті ер адам балаларға шабуыл жасады