Таиландта қазақстандық жігіт дүкеннен бір банка қарасора ұрлап кеткен
Пхукетте қарасора салынған құтыны дүкеннен алып кеткен деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы жасаған әрекеті үшін Таиланд халқынан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға 24 шілдеде Патонг ауданында болған. Бақылау камераларына түскен кадрларда қазақстандықтың дүкен қызметкері қоймада болған сәтті пайдаланып, қарасора салынған құтыны алып, еш кедергісіз шығып кеткені көрінеді. Оқиғаға сол сәтте дүкенде болған екі сатып алушы куә болған.
Кейін ер адамды Таиланд полициясы тауып, ұстады.
Таиландта марихуана ұрлады деген күдікпен ұсталған қазақстандық көпшілік алдында кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл үлкен қателік болған және мұндай әрекет енді ешқашан қайталанбайды.
"Маған кешірім сұрауға мүмкіндік бергендеріңіз үшін рақмет. Үлкен қате іс істедім. Енді ешқашан қайталанбайды. Мәңгілікке. Таиландтан кешірім сұраймын. Барлық тай халқынан кешірім сұраймын. Сіздің құтыдағы марихуанаңызды ұрлағаным үшін кешірім өтінемін. Маған кешірім сұрауға мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет. Менің үлкен қатем болды. Енді ешқашан қайталанбайды. Сондай-ақ елге деген сүйіспеншілігімді білдіремін. Таиландтан кешірім сұраймын", – деді қазақстандық ер адам.
Еске салайық, бұған дейін Таиландтан Қазақстанға бөтеннің чемоданын ақшалай сыйақы үшін алып өтпек болған 22 жастағы қазақстандық бойжеткен ұсталған еді. Оның жүгінен жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы табылып, Алматы қаласының соты оны есірткі контрабандасы мен аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырды.
Алматыдағы саябақта агрессивті ер адам балаларға шабуыл жасады
