Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі сәби қаза тапты
Видеодан скрин
Атырау облысында болған жол-көлік оқиғасында екі сәби қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauOil-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, 26 наурыз күні Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде ауыр жол апаты орын алған.
“Toyota Estima” жеңіл көлігі мен “Opel” минивэні соқтығысқан. Toyota көлігінде бір отбасы болған. Бір сәби оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханаға жеткізіліп, кейін алған жарақаттары салдарынан көз жұмды”, – делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты фактісі бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді
“Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды”, – делінген ақпаратта.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіге таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды