Иесі жалғыз қалдырған ит пәтерде жарылыс жасады
Фото: Видео кадрларынан скрин
Новосибирскіде иесі пәтерде жалғыз қалдырған ит үйде жарылыс жасады. Ол үстінде дихлофос баллоншасы тұрған газды тістеп қосып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TrendWatching Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Анықталғандай иттің иесі газ плитасының үстіне дихлофос баллоншасын қалдырған. Ал үй жануары ойнап жүріп газдың бұрағышын тістеп қосып жіберген. Тіпті тістерінің ізі тұтқаларда қалған.
Салдарынан дихлофос құтысы қызып, кейін жарылған. Жарылыс пәтерге зиян келтіріп, терезелер мен подъезд есігін бұзды. Бұл сәт видеоға түсіп қалған.
-
Ер адам газдалған сусын ішемін деп 42 миллион теңгеге байыды
-
35 күн бойы жабайы табиғатта егеуқұйрықпен қоректенген қыз 14 келі салмақ тастады
Иттің өзі жарылыс кезінде балконға тығылып үлгерген. Өрт ас үй жиһазын және қабырғаларды зақымдаған. Бірақ құтқарушылар келгенше өздігінен сөнген.
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді
"Салт-дәстүрді "біздікі, өзгенікі" деп бөлмейміз": Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері неге балаларына тұсаукесер жасайды
Джой: "Кішкентай кезінен бастап осы жермен байланысын сезініп, елдің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп өскенін қаладым"