Түркістан облысында 8 жасар бала ауылында ұялы телефондарды жөндеумен айналысады

Фото: Желі кадрларынан скрин
Түркістан облысында ұялы телефондарды еркін жөндей алатын 8 жасар бала ауылына көмектесіп жүр. Ол барлық тұрғындардың істен шыққан құрылғыларын лезде қалпына келтіріп береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 7-арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Айдын Бахытжан есімді 8 жастағы бала күнде әкесіне шеберханада көмектеседі. Мұнда ауыл тұрғындары істен шыққан құрылғыларын, экраны сынған, суға түсіп кеткен смартфондарын алып келеді.
Айдын бос уақытында телефон құрылымын ғана емес, сонымен қатар компьютер мен басқа да гаджеттердің жұмысын зерттегенді ұнатады. Болашақта инженер немесе IT-маманы болуды армандайды. Ал ата-анасы баласының қызығушылығын барынша қолдап, шабыт беріп отыр.
"Маған ең қатты ұнайтыны – құрылғылардың экранын немесе батареясын ауыстыру. Басында бәрі қиын сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде оңай. Қорықпай, бірден іске кірісемін, өзіме сенемін”, – дейді ол.
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады