Блогер Қайсар Хамза тікелей эфирде жасөспірімді балағаттады
Танымал блогер Қайсар Хамза тікелей эфирде жасөспірім балаға бейәдеп сөз айтып жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Just King лақап атымен танымал блогер Нұртаза Нұрбек пен Қайсар Хамза тікелей эфирде ұтыс ойынын ойнатты. Блогер балағаттаған баланың жасы 14-те.
“Кейбір блогерлер Instagram ғана емес, Қылмыстық кодекстің де бар екенін мүлде ұмытқанға ұқсайды. Жұманғарин ақ-қарасын айтқанымен, лотереялар жалғасып жатыр. Заң бойынша лотереяларды тек ресми операторлар өткізуге рұқсат етілген. Қалғандарына айыппұл салынады”, – деп жазды Threads қолданушысы.
Видеода блогер ұтыс иесіне хабарласып, квитанция талап етеді: “Сұлтанбек, төлеген чегің бар ма”, – деп сұрайды. Эфир көріп отырған бала: “Жоқ сияқты” деп жауап береді. Сол кезде блогер Қайсар оны боқтап жібереді.
-
Алматыда полиция басқармасының басшысы балағат айтылған аудиосынан кейін қызметінен босатылды
-
"Еліне кетсін!": Меруерт Түсіпбаева желіде бейәдеп сөз айтқан Мадленге шүйлікті
Блогердің бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды.
“14 жастағы баланы боқтап отыр, мәдениеттен жұрдай екен”, “Қазақтардың жиі әзілдейтін боқтық сөзін айтып тұр”, “Мынадай адамдардың жазасын беру керек”, “Ақша тойып, секіріп жүргендер”, – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, ұтыс ойынын қандай компания ұйымдастырып жатқаны белгісіз.