Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға болмайды деген ережені қазақстандықтар әзілге айналдырды (видео)

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары азаматқа көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлды заңсыз деп таныған еді. Дегенмен бұл мәселе бір облыстың шегінен шығып, бүкіл Қазақстанға тарады. Тіпті әлеуметтік желіде түрлі әзілдер мен мемдер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Сенат депутаты Марат Қожаевтың айтуынша, бұл норма бұрыннан бар. Бірақ көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін айыппұл салу тақырыбы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Осы мәселе желілердің барлық ақпараттық кеңістігін жаулап алды.

Мысалы, видеолардың бірінде "Кальмар ойыны" телехикаясы Қазақстанда түсірілсе, көлікті 5 минутта қыздыру ойындардың біріне қосылар еді делінген. 

@baga.kkk Часть 2 #переписка #игравкальмара #жиза #казахстан #астана #сериал #нетфликс ♬ оригинальный звук - 🐊

Мәліметке сәйкес, көлігіңізді 5 минуттан артық қыздырғаныңыз полицияға видео дәлелдер арқылы  ұсынылса ғана, айыппұл арқалайсыз.

Интернетте мұндай бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарға "Андрюшалар" деген лақап ат берілген. Бұл лақап аттың ұсынылу себебі белгісіз. Бірақ бір нұсқаға сәйкес, бұл көліктің 5 минуттан артық қыздырылуына шағымданған алғашқы қазақстандықтың есімі.

@pridachin_ilyas785 Актуально для Казахстанцев,да😂? Уже поняли, кто у вас во дворе стукач?) #казахстан #актуально #приколы ♬ Джентльмены удачи - Из к/ф "Джентльмены удачи" - Геннадий Гладков

Мем видеолардың бірінде көлігі 5 минуттан артық қызған кезде кейіпкерлер айналасына күдікпен қарайды.

@kokshetauinform

 

♬ оригинальный звук - 🔴КОКШЕ_ВКУРСЕ🟢

Авторлардың бірі тіпті "Карнавал түні" фильміндегі "5 минут" әнінің сөзін заманауи шындыққа бейімдеп жасаған. Өйткені заң бойынша көлік иелеріне қыздыруға 5 минут қана рұқсат етілген.

@manafovisrail

 

♬ Original Sound - Unknown

"5 минут" бүкіл TikTok трендіне айналды. Тіпті оған стендапер Ғалым Қалиақбаров та қосылды. Ол өзінің видеосында көрпе мен радиаторды пайдаланып көлікті жылытуға тырысқанын көрсетеді. 

@galymkaliakbarov

Жиза?

♬ оригинальный звук - Галым Калиакбаров

Бес минуттық шектеуді енгізуге қоршаған ортаның ластануы себеп болған. 

Еске салсақ, бұған дейін көлікті қыздыруға бес минут жеткілікті екенін айтқан экология министрі өз көлігімен тәжірибе жасап көрсетуге уәде бергені туралы жазған едік. Кейіннен Экология министрі өз көлігімен тәжірибе жасап көрсетті. 

Талқылау