Кәсіпкерлерге арналған сөздік: Ozon тапсырыс тарату пунктін ашу үшін нені білуіңіз керек
Ozon тапсырысты тарату пункті – қарапайым әрі түсінікті бизнес түріне жатады. Алайда кез келген істе кездесетіндей оның да өзіне арналған нақты терминдері бар. Олай болса, сондай терминдерді біздің сөздіктен таба аласыз. Олардың қандай ұғым білдіретінін егжей-тегжейлі талдап көрсетейік.
Ozon – 51,1 миллион белсенді сатып алушылар аудиториясы бар, көп санатты маркетплейс. Компания Қазақстанда тапсырыс тарату пункттерінің желісін белсенді дамытуда. Себебі ол пайдаланушылар үшін тауар алудың ең танымал әрі ыңғайлы тәсілі. Тапсырысты тарату пунктін кез келген адам аша алады. Сонымен қатар Ozon өз серіктестеріне әркез қолдау көрсетеді. Атап айтқанда: маңдайша мен маркетингтік материалдарды ұсынып, орналасатын жерді анықтауға көмектеседі. Қызметкерлерді оқытып, тіпті Ozon нүктесінің алғашқы алты айында 7 100 000 теңгеге дейін кепілдендірілген қаржылық қолдау төлейді. ТТП иесі қандай ұғымдарды білуі керек?
ТТП
Бұл "тапсырыс тарату пункті" сөз тіркесінің аббревиатурасы. Мұнда сатып алушылар Ozon-да тапсырыс берген заттарын алып кете алады. Статистика көрсеткендей, бұл мүмкіндікті 10 адамның 8-і пайдаланады.
Алып кету
Клиенттердің тауарларды өзіне ыңғайлы уақытта тарату нүктесінен әкетуі дәл осылай аталады. Ozon пункті барлық аймақта жергілікті уақыт бойынша 09:00-ден 21:00-ге дейін бірыңғай жұмыс кестесінде ашық. Пункт түскі үзіліссіз демалыс күндері де жұмыс істейді.
Франшиза
Бұл табысты компаниямен серіктестікте бизнес құру форматы. Мұнда кәсіпкер белгілі бір брендті пайдалану мен оның бизнес-моделін жалға алу құқығына ие болады. Франшизада әдетте, жұмыс басталар алдында кәсіпкер айтарлықтай елеулі сомада біржолғы жарнаны төлеуі керек. Кейін жұмыс барысында авторлық құқық иесіне сатылымның немесе роялтидің пайызын үнемі төлеп отыруы тиіс. Бұл ретте бас компания дайын бизнес-жоспардан бастап егжей-тегжейлі жұмыс регламенттері мен жеткізушілер тізіміне дейін әртүрлі қолдау көрсетеді.
Ал Ozon тапсырыс беру пункттері өз желісін дамыту үшін бұл ережелерге қайшы шешім қабылдап, керісінше серіктестеріне франшизасын ұсынады. Маркетплейс біржолғы жарнаны талап етпейді. Керісінше, Ozon-ның тапсырыс тарату пункттерінің иелеріне өзін-өзі қамтамасыз ету үшін нүктенің алғашқы алты айында қаржылық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, компания барлық кезеңдерде серіктесін қолдап, тиімді бизнес құруға көмектеседі.
Орналасқан жері
Тапсырысты тарататын орынды дұрыс таңдау – сәттілікке жетудің жартылай жолы. Бөлме 25 шаршы метрден тұрып, ғимараттың бірінші қабатында орналасуы керек. Әсіресе пунктің ірі желілік дүкендердің, іскерлік және сауда-ойын-сауық орталықтарының, білім беру мекемелерінің, автотұрақтардың жанында орналасуы ең дұрыс шешім. Себебі мұндай жағдайда адамдар жұмысқа, мектепке немесе үйге барар жолда тапсырыстарын алып кете алады.
Карта
Ozon-да кепілдендірілген кіріс аймақтары белгіленген арнайы интерактивті карта бар. Онда ашылған кезде кәсіпкерлер барынша қаржылық қолдау ала алатын нүктелер қызғылт сары түспен белгіленген.
Брендбук
Мұнда бөлмені таңдау мен безендірудің барлық ережелері мен нюанстары толық сипатталған. Ozon тарату пунктін қай жерде орналастырған дұрыс, бөлмені қалай жөндеуге болады, қандай жиһазды таңдау керек — мұның бәрі брендбукта егжей-тегжейлі көрсетілген. Қазақстан бойынша брендбуктың нұсқасы Ozon сайтында қолжетімді.
Қолдау
Ozon ең ыңғайлы орын таңдаудан бастап кейінгі жұмысқа дейін барлық кезеңдерде қолдау көрсетеді. Алаң қызметкерлерді оқытуға көмектеседі. Маңдайша мен маркетингтік материалдарды ұсынып, клиенттерге олардың жанында жаңа пункт ашылғаны туралы хабар береді. Барлық карталарда көрсетеді. Ал кәсіп иелерінде туындайтын барлық сұрақтардың жауабы арнайы анықтамалықта жинақталған. Егер бірдеңе түсініксіз кезде кеңес қажет болса әрқашан аумақтық менеджерге қоңырау шалуға болады.
Жарнама
Ozon пайдаланушыларына жаңа тапсырыс беру пунктінің ашылғаны туралы хабарлайды. Тапсырысты тарату нүктесі карталарда пайда болады. Ал ісін бастаған кәсіпкерге стикерлерден бастап тақтайшалар мен плакаттарға дейін барлық қажеттіліктері бар жинақ беріледі. ТТП иесі тіпті қолдау сомасын жұмсап, қосымша жарнама да бере алады. Бұл табысқа тезірек жетуге мүмкіндік береді.
Тапсырыс
Бұл сатып алушының Ozon-нан алдыратын тауарлары. Тапсырыс пайдаланушының нөмірінің соңғы төрт санымен тіркеледі. Сайтта реттік саны бірнеше жүзден, тіпті мыңнан асатын клиенттер бар.
Табыс
Қазақстандағы Ozon тапсырыстарын тарату пункттерінің иелері ай сайын нүктенің айналымына байланысты кіріс тауып отырады. Құны 23 921 теңгеге дейінгі әрбір берілген тауар үшін оларға бағаның 5% төленеді. Ал одан жоғары сомадағы тапсырыстар үшін шамамен 1 196 теңге беріледі. Мұнымен шектеліп қалмай, сатушылардан өнімді қабылдаудан қосымша ақша табуға болады.
Аналитика
Ozon серіктестері арнайы жеке кабинетке кіруге мүмкіндік алады. Ол жерден салық және барлық қажетті құжаттардың есебін білуге болады. Сонымен қатар аналитикада келушілер туралы көбірек біліп, осы негізде одан әрі дамудың жоспарын құра аласыз.
Сату
Күзде Ozon-да жоғары өнімділіктегі маусым басталып, сауда қыза түседі.
"Жомарт жұма", 11.11 жаңа жылдық науқан басталады. Бұл тапсырыс санының күрт өсетін кезі. Адамдар өздеріне ұнайтын заттарды тиімді бағада сатып алып жақындарын қуанту мүмкіндігін пайдаланады. Сәйкесінше, тапсырысты тарату пунктінің иелерінің табысы да өседі. Бұл берілген тапсырыстардың санына тікелей байланысты.
Бір нүктенің іске қосылуына екі апта уақыт кетеді. Демек, Рождество мен жаңа жылдық сатылым уақытына дейін нүкте ашып үлгеруге болады. Толық ақпаратты Ozon веб-сайтынан оқи аласыздар.