"Нөсер жаңбыр мен тұман болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райын болжады
Қазгидромет еліміз бойынша 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің кей бөліктерінде күн суиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Синоптиктердің мәліметінше, кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне әсерін тигізеді. Ел аймақтарында жауын-шашынсыз салқын ауа райы болады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады. Найзағай болады.
3 қазанда оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, қар аралас жауын жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Республиканың солтүстігі, шығысы және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы 2-8 градус төмендейді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар