Қазақстанға Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді
Қазақстанның Балқаш өңіріне Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Жыртқыштың бұл түрі суық ауа райына да шыдай алатыны айтылды.
"Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін Голландиядан ұрғашы және еркек жолбарыс әкелінді. Олар Іле-Балқаш қорығына қоныстанды. Бұл – қатал ауа райында өмір сүруге бейімделген амур жолбарыстары”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанға жақында Нидерланды елінен екі амур жолбарысы жеткізілетінін айтқан еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды