Ресей Қазақстанға сирек кездесетін жолбарыстарды жіберуге дайын екенін мәлімдеді
Ресей халықаралық Қызыл кітапқа енген Амур жолбарыстарын Қазақстанға жібермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жаңалықты Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында "Амур жолбарысы" орталығының бас директоры Сергей Арамилев мәлімдеді.
Осылайша өткен ғасырдың ортасында Қазақстанда жоғалып кеткен Тұран жолбарыстарының популяциясын жандандыру жоспарланып отыр. Қиыр Шығыста тұратын Амур жолбарысы генотипі бойынша Тұранға өте ұқсас. Ол – халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген планетаның сирек кездесетін жыртқыштарының бірі.
"Қазақстан билігінің шешімін күтеміз. Егер олар бұл процесті жалғастырып, ғалымдар мен мамандары дайын болса, жолбарыстардың қажет санын беруге әзірміз", – деді Сергей Арамилев.
Бірінші кезеңде Қазақстанда төрт жас жолбарыстан екі аталық пен екі ұрғашы шығару жоспарланып отыр.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге