Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында гидроцикл қатты жылдамдықпен адамдар мінген тюбингке соқтығысты (видео)

Түркістан облысында су қоймасында гидроцикл қатты жылдамдықпен адамдар мінген тюбингке соқтығысты. Зардап шеккендер бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Желі кадрларынан бір топ адамдар мінген тюбингке гидроцикл соқтығысқаннан кейін олардың жағдайы нашарлағаны көрсетілген. 

Түркістан облысы полиция департаменті деректеріне сүйенсек, оқиға 8 тамызда сағат 15:48-де Шардара су қоймасының демалыс аймақтарының бірінде болған.

“Гидроцикл моторлы қайыққа бекітілген тюбингке соқтығысқан. Тюбингте үш адам болған. Оқиға салдарынан үш азамат та зардап шекті. Түрлі жарақаттармен олар амбулаториялық емделуге жіберілді, ауруханаға жатқызудан бас тартылды", — деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

 



Сонымен қатар ведомство су көлігінің жүргізушісі ұсталып, полицияға жеткізілгенін хабарлады.

“Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Су көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ демалушыларға су көлігін жалға берген адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда", - деді ведомство.

 

Талқылау