"Заңсыз орнатылған дүңгіршекті бұзу шешімі үшін": Алматыда кәсіпкер жер инспекторына пышақпен шабуылдаған (видео)
Алматыда кәсіпкер мен жер инспекторына заңсыз орнатылған дүңгіршекті бұзу туралы шешім қабылдағаны үшін пышақпен шабуылдаған. Ер адамдардың төбелескен видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видео кадрларынан
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, видеода мемлекеттік жер инспекторы зардап шеккен.
“Бір күн бұрын ол заңсыз орнатылған дүңгіршекті бұзу туралы шешім қабылдады. Жерге рұқсаты жоқ болса да, кәсіпкер оны жазалағысы келген. Ол жер ресурстарын басқару департаментіне келіп, мемлекеттік қызметкерді ерлерше әңгімеге тартуға көшкен. Сондай-ақ, өзімен бірге пышағын әкелген”,- делінген жазбада.
Деректерге сүйенсек қазір полиция қару-жарақ бұзақылық ісін тергеп жатыр. Дүңгіршектің иесі ұсталған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар