Балалар омбудсмені Қазақстанда бойдақ ер адамдарға бала асырап алуға рұқсат беретін заң шешіміне қарсы шықты
Балалар омбудсмені Динара Закиева жалғызбасты үйленбеген ер адамдарға бала асырап алуға өтініш беруге мүмкіндік беретін Қазақстан конституциялық сотының шешіміне қарсылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Динара Зәкиеваның желі парақшасынан
Закиева жаңа нормамен келіспейтінін айтып, тіркелген некеде тұрмаған ер адамдарға балаларды беруге тыйым салуды сақтауды талап етті.
"Осы мәселені талқылау кезінде мен және балалардың құқықтарын қорғау комитеті қолданыстағы заңнамада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өз ұстанымымды жолдадым. Тіркелген некеде тұрмаған ер адамдарға балаларды беру мүмкіндігіне тыйым салу қажет", - деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Закиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық тетіктерін қарастыру қажет деп санайтынын алға тартты.
"Бала асырап алуға үміткерлерге қойылатын талаптарды арттыру қажет. Олардың бала асырап алушы ата-аналар мектебін аяқтағаны қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар, бала асырап алушы балаларды қолдау орталықтарымен одан әрі байланыста болуы керек", - деді балалар омбудсмені.
Еске салсақ, Қазақстанда үйленбеген ер адамдар бала асырап алу құқығына қол жеткізетіні туралы хабарлаған едік.