Заңсыз курьер болып жұмыс істеген: Алматыда бір топ шетелдік елдеріне жер аударды
Алматыда шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Полиция департаменті
Көші-қон қызметі заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтарын анықтады. Олар курьер болып қызмет көрсеткен. Алматы қаласының Бостандық ауданында көші-қон заңнамасын өрескел бұзып жүрген жеті шетелдік ұсталды.
Алматыда мүгедектігі бар азаматқа тұраққа төлемегені үшін заңсыз айыппұл салынған
"Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, қабылдап-тарату орнына жіберілді. Сот шешімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, туған еліне жер аударылады”, — деді Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында шетелдік азамат жасырын медресе ашып, 19 баланы оқытқанын жазғанбыз.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда