"Жұмақта болып, құдайды көрдім": Комаға түсіп оянған қыз клиникалық өлім кезінде қандай құбылысқа тап болғанын айтты
Гватемалада астма ұстамасынан кейін комаға түскен қыз клиникалық өлім кезінде қандай құбылыс көргенін жеткізді. Айтуынша ол жұмақта болып, құдаймен кездескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото pixabay
24 жастағы Мариандре Карденас бала кезінен созылмалы астмамен ауырған. Ол сол күні есінен танып қалмас бұрын анасы мен ағасына хабарлама жазып үлгерген. Кейін дәрігерлер қызды ауруханаға жатқызды. Дәрігер жасанды тыныс алу аппаратына қосу арқылы оны аман алып қалуға болатынын айтқан. Бойжеткенге медициналық кома енгізілді.
Карденастың айтуынша, оның есінде соңғы рет медбикенің "ол бізді тастап кетті" деген сөзі қалған. Содан кейін ол жұмақ тәрізді, жерден басқаша өлшемдегі орында болған.
"Мен жарыққа толы жерде болдым. Бірақ мұнда күн, ай, жұлдыздар болмады. Бұрын-соңды көрмеген тағамға толы үстелде отырдым. Жанымда денелері көрінбейтін бірақ жарық бөлшегі секілді адамдар болды. Ешкім бір-бірімен дауыстап сөйлеспеді. Барлығы ойлары арқылы сөйлесті. Мен өткен өмірімді де, отбасымды да, үйімді де есіме түсіре алмадым. Тіпті жердегі өмірім ешқашан болмағандай. Жанымдағы жаратылыстың бәріне әлемдегі ең үлкен сүйіспеншілікті сезіндім. Олардың бәрі менің бір бөлігім, ал мен олардың бір бөлігі екенімді сездім", — деді Карденас.
-
Үйсіз ер адам вокзалдан ақша толы әмиян тауып, оны иесіне қайтарғаны үшін он есе көп қаражат иеленді
Сондай-ақ, қыз дәл сол жерде құдаймен кездескенін айтты.
“Ол маған қарама-қарсы үстелде отырды. Құдай екенін бірден білдім. Өйткені ең үлкен жарық болды. Айналасындағылардың бәрін жарықтандырды. Оның жүзін көрмедім, бірақ күлімсірегенін сездім", - деп сипаттады ол.
Бойжеткеннің айтуынша бір сәтте құдай орнынан көтеріліп, кететін уақыттың келгенін айтқан. Алайда Карденас кеткісі келмеген. Құдай оған "махаббат үшін" оралу керек екенін түсіндіріп, уақыты келгенде қайта оралатынын айтқан.
Карденас комада үш күн болған. Алайда оның өзіне "жұмақта" болған уақыты тек бірнеше сағатқа созылғандай көрінген. Бойжеткен есін жиған соң ауруханада бір күн жатып, кейін үйіне шығарылған.