Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 көлік соқтығысқан: Алматы-Өскемен тас жолында ірі жол апаты болды (видео)

Алматы-Қапшағай тас жолында 5 автокөліктің қатысуымен жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Жол апатының видеосы Kris__p__almaty Instagram парақшасында жарияланды. 

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 

“28 маусым күні Алматы-Өскемен тас жолының 42 шақырымында бес көліктің қатысуымен жол апаты болғанын хабарлаймыз. Оқиға салдарынан Lada Granta жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды”, – делінген полиция хабарламасында. 


"Қараусыз жылқылар": Төрт түліктің қатысуымен болған жол апатында көліктің шығынын кім өтейді


Полиция департаменті жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген жылдамдықтан асырмауға шақырды. 

Еске салсақ, бұған дейін Қарқаралыға көкпарға барған меркілік шабандоздардың жол апатынан қаза тапқаны туралы жазған едік. 

Талқылау