Алтын тойын ерекше атап өткен жаңаөзендік ерлі-зайыпты желі қолданушыларын тәнті етті
Желіде 50 жылдық мерейтойында безендірілген көлікпен жүрген ата-әже көпті тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: instagram.com/nursulu_nursulu89
Жаңаөзендік Тұрдыбай Жұмағалиев пен Құралай Әлібекованы 50 жылдық мерейтойын атап өткен. Олар көлікті ерекше әсемдеп, жүзік пен шарлармен, кілем жайып безендірген.
“Бұл күнді 9 маусымда атап өттік. Көлікті осылай безендіру кенже қыздың ойына келді, барлығын өзіміз істедік", – дейді ерлі-зайыптының қызы Нұрсұлу Жұмағалиева.
Ерлі-зайыптының алтын тойына 350-ге жуық адам келді.
Тұрдыбай Жұмағалиев 1956 жылы, Құралай Әлібекова 1954 жылы дүниеге келген. Екеуі де Қазақстанға Қарақалпақстаннан, кейін Жаңаөзенге келген.
Ерлі-зайыпты сегіз баланы өмірге әкелді, қазіргі уақытта алты бала, яғни екі қызы және төрт ұлы бар.
Қыздарының айтуынша, ата-анасының некесін бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен түсіністік арқылы сақтап отыр.