Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салып, көз жұмды
Шымкенттегі №9 мектептің 11-сынып оқушысы өзіне қол салып, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы жағдай 12 мамыр күні болған. Марқұм үйіндегі өз бөлмесінде табылған.
Өкінішке қарай оны аман алып қалу мүмкін болмапты. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, шәкірттің үлгерімі жақсы әрі белсенді болған. Және ешкіммен дауласып, ұрыспағанын, есепте тұрмағанын айтады. Қазір бұл іске қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында он бір жасар мектеп оқушысы өзіне қол жұмсағанын жазған едік.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар