Алматы облысында 6-сынып оқушысы асылып қалған
Алматы облысында он бір жасар мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Полиция мен білім басқармасы баланың өлімін растады. Бала Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқыған. Білім бөлімі баланың толық және бақуатты отбасында өскенін хабарлады.
Қайғылы оқиға демалыс күні ата-анасы үйде, ал бала ағасымен ойнап жүргенде болған. Отбасында ешқандай жанжал болғамаған
"Баланың мектепте де ешқандай жанжалы болған жоқ. Үйінде өз бөлмесінде болған, кейін мәйіті табылды", — деді Жамбыл аудандық білім басқармасының басшысы.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның 18 қарашада тіркелгенін мәлімдеді.
"Бұл деректі полиция Қылмыстық кодексінің 105 "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы, қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеді”, – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-іздестіру шараларын және сараптамалық тексерулер жүргізеді.