Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынады

Енді қазақстандық әртістерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынады. Тиісті заң жобасы қазір мәжілісте қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото pixabay-дан

"AMANAT" партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңесте Нартай Сәрсенғалиев музыка индустриясында көптеген мәселелер бар екенін айтты. Айтуынша, сондықтан елімізде креативті индустрияға арналған заң жобасы әзірленді. Оның ішінде, әншілерді белгілі бір жерде лицензия алуға міндеттейтін норма бар.

Сондай-ақ мәжілісмен елімізде креативті индустрияға жататын экономикалық қызметтің 43 түрі бекітілгенін атап өтті.

“Ережелер бұзылған жағдайда әртістерге айыппұл салынады. Сонымен қатар лицензиясы белгілі бір мерзімге алынады. Құқықты әркез бұзған сайын жаза екі есе күшейеді. Бұл –қоғамның талабы. Жаңа заңнамада біз тиісті норманы қарастырдық және ұсындық. Мемлекеттік органдар бастаманы қолдайды деп үміттенеміз”, – деді Нартай Сәрсенғалиев.



Айта кетейік, Қазақстанда авторлық құқықты қорғайтын 15 ұйым бар. Сарапшылар зияткерлік меншікті қорғау үшін цифрлық технологияларды енгізу қажет екенін атап өтті.

“Біз олардың құқығын шектеуге емес, олардың жұмысына цифрландыру жүйесін енгізуге мүдделіміз. Ең бастысы, біздің авторларымыз өз еңбектерін ала алуы керек”, – деді ҚР МАМ креативті индустриялар департаментінің директоры Гүлісхан Нахбаева. 

Талқылау