"Анасы "жыл анасы" атағына ие": Америкалық БАҚ Бишімбаев соты туралы мақалада фейк ақпарат жазған
Америкалық The Washington Post басылым бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісі мен Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы материал жариялады. Журналистер Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова "Жыл анасы" атағына ие деп жалған ақпарат таратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Qaznews24 сатиралық басылымы Қазақстан ата-аналар одағы Альмира Нұрлыбековаға “Жыл анасы” сыйлығын берді деп жазған еді.
Washington Post газеті Бишімбаевтың ісі қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның қабылдануына себеп болғанын атап өтті.
"Көршілес Ресей сияқты Қазақстан да негізінен патриархалдық қоғам болып қала береді және тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық қудалау және жұмысқа орналасудағы теңсіздік сияқты мәселелер бар", – деп жазады The Washington Post.
Мақалада ЛГБТ және феминистер, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңға қарсы "Қазақстандық ата-аналар одағы" ұйымы атап өтілген. The Washington Post журналисі бұл ұйым "Жыл анасы" сыйлығын Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбековаға тапсырды деп жазды.
Қазақстандық журналист Әсем Жәпішева америкалық газеттегі фейк жаңалыққа назар аударды.
"Washington Post газеті qaznews24 сатиралық басылымының "жаңалықтарына" сілтеме жасай отырып, Салтанат ісі туралы мақала жариялады. Өкінішті, бірақ әдеттегідей", - деп жазды ол.
Кейінірек The Washington Post газетінің журналистері мақаланы өңдеп, Бишімбаевтың анасы туралы ақпаратты алып тастады.