Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар Қазақстанда жиі ұрланатын топ-3 көлік маркасын атады

Сақтандыру компаниялары Қазақстанда қандай автокөліктер жиі ұрланатынын айтып берді. Биылғы бір тоқсанның өзінде елде 300-ге жуық көлік ұрланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Istock

Сақтандырушылардың айтуынша, автокөлік ұрлаушылардың арасында ең танымал брендтер — Toyota Camry, Lexus 570 және Huindai Sonata. Төртінші орында Mercedes Benz S-класс тұр. Бұл қайталама нарықта немесе шетелде оңай сатылатын маркалар және олардың бөлшектеріне де сұраныс жоғары.

Статистикаға сәйкес, мұндай қылмыстар 2023 жылғы бірінші тоқсанда – 87%, ал биыл – 91% ашылған. 

Сақтандырушылар мен полицейлер қазір ұрлаушылар тіпті ең озық дабыл жүйелерін (сигнализация) айналып өтуді үйренгенін атап өтті. Бірақ қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйелері мен блокаторлар көлік ұрлау қаупін айтарлықтай төмендетеді.



Сондай-ақ олар көлікті гаражда, бейнебақылау камерасы бар көлік тұрағында қалдыруға және есік пен терезелерді ашық қалдырмауға кеңес береді. Себебі ұрлықтың көбі көлік иелерінің ұқыпсыздығынан болады.

Айта кетейік, 2024 жылға арналған қылмыс деңгейі бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінде 75-орынға ие болды. Елдің индексі – 45,9, яғни орташа деңгей.

2024 жылы қылмыс деңгейі бойынша ең қауіпті елдер Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан болса, ең қауіпсіз елдер Андорра, БАӘ және Катар болды.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда қылмыс деңгейі Қырғызстан, Беларусь және Украинада жоғары. Ал Армения, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей және Молдовада жағдай жақсырақ.

Талқылау