Медициналық сақтандыру қорының басшысы МӘМС жүйесіндегі қаржы жымқыру деректеріне қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) 140 мыңға жуық қазақстандықтың емханаларға жалған түрде тіркелгені туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрайымы Гүлмира Сәбденбек МӘМС жүйесіндегі ауқымды алаяқтық схемалары туралы хабарламаларға пікір білдіріп, құқық қорғау органдары тергеп жатқан заңбұзушылықтардың едәуір бөлігін қор мамандары бақылау жұмыстары барысында өздері анықтағанын атап өтті.
"Біздің ұстанымымыз – заңбұзушылықтарды жасырып қалмау, расталған әрбір дерекке құқықтық баға берілуіне қол жеткізу, келтірілген шығынның өтелуіне ықпал ету және мұндай схемалардың жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жағдайларды жою", – деп жазды қор басшысы.
Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында анықталған заңбұзушылықтарға қатысты жалпы сомасы 4,5 миллиард теңгені құрайтын 72 материал құқық қорғау органдарына жолданған.
ОқыңызОларды қарау қорытындысы бойынша 27 қылмыстық іс тіркеліп, келтірілген залал көлемі 3,7 миллиард теңге болып белгіленді.
"Салыстыру үшін айтар болсақ, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 630 миллион теңгені құрайтын 73 материал құқық қорғау органдарына жолданып, олардың негізінде сегіз қылмыстық іс тіркелген", – делінген хабарламада.
ӘМСҚ-ның мәлімдеуінше, анықталған заңбұзушылықтар көлемінің артуы құқықбұзушылықтардың көбейгенін білдірмейді. Қордың пікірінше, бұл бақылаудың күшеюіне, талдау құралдарының жетілдірілуіне және анықталған әрбір дерекке құқықтық баға берілуімен байланысты.
Қордың мәліметінше, қаржылық бақылау тәсілі өзгертіліп жатыр. Бұған дейін заңбұзушылықтар медициналық ұйымдарға қаражат аударылғаннан кейін анықталса, енді басты назар төлем жасалғанға дейін олардың алдын алуға аударылады.
"Қорды дамыту стратегиясын іске асыру аясында Qalqan ІТ-платформасын, автоматтандырылған алаяқтыққа қарсы жүйені және тәуекелге бағдарланған деректерді талдау алгоритмдерін қамтитын қаржылық бақылаудың бірыңғай цифрлық экожүйесі енгізіліп жатыр", – дейді ӘМСҚ өкілдері.
Сондай-ақ қазақстандықтар өз атына қандай медициналық қызметтердің тіркелгенін өз бетінше тексеріп, егер оларды іс жүзінде алмаған болса, бұл туралы хабарлай алады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 140 мыңға жуық азамат медициналық ұйымдарға өз келісімінсіз тіркеліп, олардың атына көрсетілмеген медициналық қызметтер рәсімделгені туралы жазған едік. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, соның салдарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 3,5 миллиард теңгеден астам шығын келген.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?