Шығын 3,5 миллиард теңге: Қазақстанда 140 мыңға жуық науқас емханаларға заңсыз тіркелген

Қазақстанда 140 мыңға жуық азамат медициналық ұйымдарға өз келісімінсіз тіркеліп, олардың атына көрсетілмеген медициналық қызметтер рәсімделген. Соның салдарынан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 3,5 миллиард теңгеден астам шығын келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, заңсыз схема барысында шамамен 140 мың азаматтың дерегі пайдаланылған. Қазір осы фактілер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Мәліметке сәйкес, мемлекетке келтірілген шығын 3,5 миллиард теңгеден асады.
Оқыңыз“Түркістан облысы Жетісай көпсалалы аудандық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бөлінген қаражат іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген әрі тауар жеткізбеген 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшотына аударылған. Бұл кәсіпкерлердің медициналық мекемемен ешқандай келісімшарты болмаған. Олардың банк деректері бюджет қаржысын заңсыз шығарып, кейін қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланылған. Бұл іс бойынша мемлекетке келтірілген шығын 501 миллион теңгеден асқан. Қазір екі күдікті қамауға алынды”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Астанадағы Forte Clinic жеке клиникасының басшысы қордан заңсыз қаржы алу схемасын ұйымдастырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан. Ал оның сыбайласы Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының қызметкері азаматтарды клиникаға тіркеу жөніндегі өтінімдерді заңсыз мақұлдағаны үшін 3 жылға сотталды.
“Тергеу барысында аталған клиникаға 15 мыңнан астам азаматтың заңсыз тіркелгені анықталды. Бұдан бөлек, Damu Med ақпараттық жүйесі арқылы 79 миллион теңгенің жалған медициналық қызметі рәсімделген”, – делінген хабарламада.
Ал Алматы облысында Mydental.kz және Стоматология Dr. Nurzhanova клиникаларының басшысы стоматологиялық қызмет көрсету кезінде алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас сотталды.
Тергеу мәліметінше, шын мәнінде пациенттерге ешқандай қызмет көрсетілмеген. Ал жалған құжаттарды рәсімдеу үшін дәрігерлердің тіркелгі жазбалары мен кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректері пайдаланылған. Нәтижесінде 4,5 мыңнан астам жалған медициналық қызмет көрсету дерегі анықталып, мемлекетке 66 миллион теңге көлемінде шығын келген.
Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай заңсыз схемаларды анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар туристік компанияға алданып, шетелде қалып қойып, 70 миллион теңгеден аса шығынға ұшырағанын жазған едік.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін