"Әкім келеді деп асфальтты "бояған": Ақмолада түсірілген видео желіле талқыға түсті
Ақмола облысы Красный Яр ауылында жолға қара сұйықтық жағып жатқан видео желіде қызу талқыға түсті. Автор жұмысшылар "асфальтты бояды" деп дабыл қаққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Красный Яр ауылында жолға қара сұйықтық жаққан видео көптің шамына тиді. Көпшілік мұны көзбояшылық деп атап, облыс әкімінің келуіне дайындық деп топшылаған. Алайда шенеуніктер жалған ақпарат тарады деп отыр. Айтуларынша, асфальт боялған жоқ.

Зертханалық тексеріс кезінде жол жабындысының тығыздығы талапқа сай болмай шыққанын айтады. Сондықтан мердігер компания өз қаражатына асфальттың бетін арнайы материалмен тегістеген. Яғни, бұл – ақауды жоюдың технологиялық тәсілі екен. Әрі жұмыс толық қабылданбайынша, мердігерге бюджеттен ақша төленбейді.
“Кері сынамалары тығыздығы бойынша нормативтік талаптарға сай келмей, мердігер ұйыммен өз қаражатына "Силкот" қоспасын қолдануға шешім қабылданды. Силкот қоспасы герметизациялап асфальт жабынын қорғауыш қабатын қалыптастырады”, – деді Красный Яр ауылдық округі әкімінің орынбасары Арман Есімбек.
Әкімдіктің мәлімдеуінше,кері сынамалар қайта алынып, оң нәтиже шыққаннан кейін ғана жұмыс қабылданады.
Тәліптердің билік басына келгеніне 5 жыл: Ауғанстанда не өзгерді?
Талибан билігінің Ауғанстанды басып алғанына 5 жыл уақыт өтті, елде не өзгерді?
Қазақстандық қыз бір нанды бөлісіп жеген құрбысын аяусыз пышақтап өлтірген: Қанды қылмысқа не себеп болды
Баян Шалқарова Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы ОВ 156/21 әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатыр