Өскеменде жұмыртқадай бұршақ жауып, қатты желден ағаштар құлады (видео)
Өскеменде көлемі тауық жұмыртқасындай алып бұршақ жауып, елді әбігерге салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өскемен әкімі Алмат Ақышов Instagram парақшасында қолайсыз ауа райына байланысты, екпіні секундына 25 метрге дейін жеткен қатты жел, жаңбыр, найзағай және бұршақ салдарынан қалада шамамен 15 ағаш құлағанын хабарлады.
Сондай-ақ қала бойынша 25 мың тұрғын электр жарығынсыз қалған.
"Барлық мәселе жеке бақылауымда. Қазір барлық жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр. Барлық ақаулар мүмкіндігінше қысқа мерзімде жойылып, электр қуаты қайта беріледі. Сондай-ақ жол өткелдері мен көшелерді құлаған ағаштардан толық тазартамыз", – деді қала әкімі.
Әкім қалада қолайсыз ауа райының салдарын жою жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде тұрғындар түсірген фотолар мен видеолар жариялана бастады. Кадрлардан дауылдың әсерінен ағаштардың қатты иіліп, құлағалы тұрғанын көруге болады.
Тұрғындарды көлемі тауық жұмыртқасындай бұршақ таңғалдырды.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында бұршақ жауып, үйлер мен көліктерге зақым келтіргені туралы жазған едік.
Тәліптердің билік басына келгеніне 5 жыл: Ауғанстанда не өзгерді?
Талибан билігінің Ауғанстанды басып алғанына 5 жыл уақыт өтті, елде не өзгерді?
Қазақстандық қыз бір нанды бөлісіп жеген құрбысын аяусыз пышақтап өлтірген: Қанды қылмысқа не себеп болды
Баян Шалқарова Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы ОВ 156/21 әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатыр