Астанада видео түсіру үшін атқа мініп, "Бәйтерекке" шауып бармақ болған ер адам жазаланды (видео)
Астанада видео түсіру үшін көшеде атқа мініп жүрген ер адам жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше, 35 жастағы азамат Астанадағы мекемелердің біріне арнап видео түсірмек болған. Ер адам атқа мініп автокөлік жүретін жолмен және жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүріп, қозғалысқа кедергі келтірген.
"Кейін ол "Бәйтерек" монументі маңына бет алған кезде, жол қиылыстарыдың бірінде жануар тротуарды ластап, жасыл желекке зиян келтірген. Осылайша абаттандыру заңнамасының талаптары бұзылған", – делінген полиция хабарламасында.
Аталған екі құқық бұзушылық бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция Астана тұрғындары мен қонақтарын заңнама талаптарын сақтауға, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуге және жол қозғалысының басқа қатысушылары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе қолайсыздық туғызатын әрекеттерге жол бермеуге шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада Бәйтерекпен әдепсіз суретке түскен 19 жастағы жігіт ұсталып, 5 тәулікке қамалғаны туралы жазған едік.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
