Қазақстандықтар тамызда ең жарқын жұлдыз жаууын тамашалай алады
Қазақстандықтар келесі аптаның басында жүзден астам жұлдыздың аққанын көре алады. Персеид метеорлық жаңбыры 12-13 тамыз түнінде шарықтау шегіне жетеді. Мамандардың айтуынша, биыл бұл астрономиялық құбылысты бақылауға жағдай ерекше қолайлы болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұлдыз жаууын түн ортасынан кейін таң атқанға дейін бақылаған дұрыс. Астрономдар бақылауға қала жарығы кедергі келтірмеуі үшін елді мекеннен алыс, қараңғы жерге шығуға кеңес береді.
Бұған қоса, биыл Персеид ағынының шарықтау шегі жаңа айдан кейінгі кезеңге сәйкес келеді. Сондықтан Айдың жарығы бақылауға айтарлықтай әсер етпейді. Егер аспан ашық болса, қазақстандықтар сағатына 100-ге дейін метеорды көре алады.
Бұл құбылысты тамашалау үшін арнайы құрал-жабдықтың қажеті жоқ. Ашық аспан көрінетін жерді таңдап, көздің қараңғылыққа бейімделуі үшін бірнеше минут күту жеткілікті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
