Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда орындықта отырған әйелді ұрып-соққан ер адам жауапқа тартылды (видео)

Алматыда белгісіз ер адам орындықта отырған әйелге шабуыл жасап, шашынан тартып, жұлқылағаны түсіп қалған видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желідегі видео кадрларынан

Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушыға қатысты әкімшілік істі ұрып-соғу фактісі бойынша қарастырды. Нәтижесінде іс денсаулыққа жеңіл зиян келтіру, физикалық жарақат тудырған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау ретінде тіркелген.

"Сот өткен аптада К есімді азаматтың жанармай құю кезінде қаланың қарбалас көшелерінің бірінде жанжал шығарып, орындықта отырған жәбірленушіге соққы бергенін анықтады. Оқиға орнында кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар оны тоқтатқан. ️К сотқа келіп, онда кінәсін мойындады. Іс материалдарында баяндалған фактілер расталды. ️Сот қаулысымен құқық бұзушы ұрып-соғу, денсаулығына жеңіл зиян келтіру және өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша кінәлі деп танылды", – делінген соттың хабарламасында.



Қаулы бойынша кінәлі тарап 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны өтейді. Қылмыскер 10 күн қамауға алынды.   

Еске салсақ, өткен аптада Алматыда белгісіз ер адамның әйелге жасаған шабуылының видеосы жарияланған еді. Онда өтіп бара жатқан тұрғындар араша түсіп, әйелді құтқарған.

Талқылау