Алматыда ер адамның әйелге жасаған шабуылы видеоға түсіп қалды
Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында белгісіз ер адамның әйелге жасаған шабуылының видеосы жарияланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан алынған
Telegram-арнасында оқиғаның 2024 жылы 10 сәуірде болғаны туралы жазылған.
Видеодан белгісіз жігіттің орындықта отырған әйелдің жанына келіп, оны мойнынан ұстап алғанын көруге болады. Көрші ғимараттан шығып, өтіп бара жатқандардың арқасында әйел құтылып үлгерген.
Алматы полициясының баспасөз қызметі әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Ер адам ұсталып, жауапқа тартылады.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда ер адам әйелін балалар алаңында соққыға жыққаны туралы жазған едік. Полицияның мәліметінше, оқиға 7 сәуір күні Маңғыстау облысында болған.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"