Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бағы зор екен”: Парижде Эйфель мұнарасында үйленуге сөз байласқан қазақстандық жұпты Франция президенті құттықтады (видео)

Париждегі Эйфель мұнарасында үйленуге сөз байласқан қазақстандық жұпты Франция президенті Эмманюэль Макрон құттықтады. Видео желіде тарап жұртты тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Қазақстандық инженер, әлемге үздік студент екенін дәлелдеген Санжар Тайжан Парижде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Видео Санжар Тайжанның Instagram-дағы жеке парақшасында салынған.

Сол күні француз көшбасшысы Эмманюэль Макрон жастарды кезіктіріп, олардың сөз байласқанын көріп құттықтаған. Сонда ол жұптың қай елден екенін сұрайды. Кейін Қазақстаннан екенін біліп, Макрон бұл елде болғанын, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы тұқымды екі күшікті сыйлағанын айтты.

“Мен сүйікті қызыма үйленуге ұсыныс жасадым. Бізді бірнеше сағаттан кейін Франция президенті Эмманюэль Макрон құттықтады”, – деп жазды Санжар Тайжан видео астына. 



Қазақстандықтар жас жұбайлар үшін өте қуанышты.

“Керемет, президентті ешқандай күзетсіз кездестіріп, онымен сөйлесу қандай ғажап?!”, “Бақытты болыңыздар, құттықтаймын”, “Бағы зор екен”, – деп жазды пікір білдірушілер. 

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлаған еді.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 12 Наурыз, 2024 13:50