Қазақстанда Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болмақ

Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесін салу жұмыстары басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті мектептің түлектері 30 метрлік құрылысты сыйға тартуды шешті. Ауылда бұл дәстүр 10 жылдан астам уақыт бұрын басталған екен. Мектеп мерейтойларын атап өткен түлектер 25 мамырда ауылға үлкен сыйлық жасайды.
ОқыңызБұған дейінгі түлектер бірнеше саябақ, ойын алаңдары, мүсіндер және субұрқақ салды.
Кейбір әлеуметтік желі пайдаланушылары облыс орталығынан 300 км қашықтықта орналасқан шалғай ауылға бұдан пайдалы жобалар қажет деп санайды. Басқалары мұнара болмаса, ауыл бүкіл Қазақстан бойынша танылмас еді дейді.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды