Жетісу облысында қураған бұта қыздың басына құлады (видео)

Оқыс жағдай Үштөбе қаласында болған. Қыздың басына бұта құлаған сәт бейнекамераға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнежазбадан қыздың үйдің кіре-берісінен шығып бара жатқанда басына жуан ағаш бұтасы құлағанын көруге болады. Қыздың құлағанын көріп басқа балалар жиналып, көмекке шақыра бастаған. Екінші видеода жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен қызға көмек көрсетіп жатыр.
Видео авторының айтуынша, оқиға Үштөбе қаласындағы 9-шағынауданда болған.
Үштөбе әкімдігі бұл жағдайға байланысты әкімдік қызметкерлері мен Мүлік иелері бірлестігінің өкілдері осы аумақта тексеру жүргізетінін хабарлады. Тексеру нәтижесінде ағаштар бұталып, қауіпті бұтақтар кесіледі.
"Бүгінге дейін осы үй тұрғындарынан немесе басқарушы ұйымдардан Мүлік иелері бірлестігі аталған аумақтағы апатты ағаштарды кесу не бұтау қажеттігі туралы әкімдікке ешқандай ресми өтініш немесе шағым түскен жоқ", – деп мәлімдеді ведомство.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Оқыңыз