Форт-Шевченко тұрғындары Каспий жағалауында демалыс аймағын өздерін жасады

Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко тұрғындарының Каспий теңізі жағалауында өздері жасаған демалыс аймағы көпшілікті сүйсінтті. Бір жыл бұрын қала жастары бастаған іс кейін ауқымды жобаға айналған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағалауды абаттандыру жұмыстары бюджет қаражатынсыз және ешқандай мемлекеттік бағдарламасыз жүзеге асты. Барлық жұмыс тұрғындардың өз бастамасымен жасалды.
ОқыңызҚала жастарының айтуынша, бұл идея бір жыл бұрын туған. Олар қаланы көркейтуге өз үлестерін қосуды шешіп, теңіз жағалауында демалушыларға арналған үш үстел орнатқан. Осылайша 1990 жылғы ауыл жастары бұл үрдісті өздерінен кейінгі буынға табыстапты. Уақыт өте келе теңіз жағалауында жаңа әткеншектер, сәкілер мен кәуап пісіруге арналған орындар және жайлы демалысқа қажетті өзге де нысандар пайда болған. Енді бұл демалыс орнына келушілер тегін кіре алады.
Қала жастары мұнымен тоқтап қалмай, елді мекенді көркейтуге бағытталған өзге де жобаларды қолға алуға ниетті екенін жеткізді.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды