Франция әлемде бірінші болып әйелдердің жасанды түсік жасату құқығын Конституциямен бекітті
Франция парламенті президент Эмманюэль Макронның әйелдердің түсік жасату құқығын Конституцияда бекіту туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Franceinfo порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay
780 парламентарий ұсынысты қолдаса, 72 парламентарий қарсы шықты.
Ұлттық ассамблея төрағасы Яэль Браун-Пиве дауыс беру нәтижесін жариялаған кезде баршасы ду қол шапалақтап, қуаныштарын білдірді.
Президент Эмманюэль Макрон Конституцияға түзетулерді бекіту рәсімі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер құқықтары күнінде өтетінін атап өтті.
Франция Конституциясына жасанды түсік түсіруді енгізді, алайда бұған дейін де әйелдер түсік жасата алатын. Бірақ оны Конституцияға енгізу қалаусыз жүктілікті тоқтату құқығын толық қамтамасыз етеді.
Франция өз Конституциясына жүктілікті өз еркімен тоқтатуды енгізген бірінші ел болды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды