"Ең үлкен қан тамыры жарылған": Алматылық дәрігерлер Италиядан келген туристі аман алып қалды

Алматыда дәрігерлер аортасы жарылған Италиядан келген туристің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Италия азаматы Алматыға саяхаттап келген. Алайда елге келгеннен кейін үш күн өткен соң ер адамның жағдайы күрт нашарлап, іші қатты ауырған. Сосын жедел түрде Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасына жеткізілген.
“Тексеру барысында дәрігерлер контрастпен компьютерлік томография жасап, аса қауіпті диагнозды анықтады. Диагноз - аортаның инфрареналды бөлігіндегі аневризманың жарылуы. Мұндай жағдайда шұғыл операция жасалмаса, науқастың өміріне тікелей қауіп төнеді7 Себебі ол ішкі қан кетумен қатар жүреді”, – делінген хабарламада.
ОқыңызДәрігерлер шұғыл түрде ота жасау туралы шешім қабылдады. Хирургиялық операция шамамен төрт сағатқа созылды. Ота кезінде мамандар аневризманың жарылғанын растап, науқасқа жасанды қантамыр протезін орнатқан.
Қазір ер адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Ол алдағы амбулаториялық емге дайындалып жатыр. Науқастың өзі қазақстандық дәрігерлерге алғысын білдірді.
“Мен өмірімді сақтап қалған дәрігерлерге, Қазақстан бойынша күн сайын адам өмірін арашалап жүрген барлық медицина қызметкеріне зор алғыс айтқым келеді. Кәсібиліктеріңіз, көмектеріңіз және адамгершіліктеріңіз үшін рақмет”, – деді Италия азаматы.
Айта кетейік, бұған дейін Алматылық дәрігерлер 4-қабаттан құлап, ауыр жағдайға түскен науқасты аман алып қалғаны туралы жазған едік.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды