Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұшақта есінен танған жолаушыны аман алып қалды (видео)

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасынан
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Әбдалиев ұшақта есінен танып қалған жолаушыға жедел медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress желілік басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жағдай 8 шілдеден 9 шілдеге қараған түні сағат он екі шамасында Атыраудан Алматыға бет алған ұшақта болған. Ұшақ аспанған көтерілгеннен кейін шамамен бір сағаттан соң жолаушылар арасындағы егде тартқан әйел адамның денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған.
Жолсеріктер бірден жолаушылар арасынан дәрігерлер іздестіре бастаған. Сол кезде есінен танып қалған жолаушыға Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Әбдалиев пен алматылық Arshamed емханасының дәрігері Закира Анық көмекке келген.
Дәрігерлер әйелге жедел түрде көмек көрсеткен. Қос дәрігердің кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында жолаушының жағдайы тұрақталған. Қазір оның денсаулығы бірқалыпты.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады