Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел үш баласын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсамақ болған

үш баласын өлтірді
Фото: Lindsay Clancy/Facebook

Америка Құрама Штаттарында үш баласын өлтірді деп айыпталған ананың соты басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ABS News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Массачусетс штатының бұрынғы медбикесі Линдси Клэнси 2023 жылы үш баласын – 5 жасар Кораны, 3 жасар Доусонды және нәресте Калланды тұншықтырды деп айыпталып жатыр.

Содан кейін ол терезеден секіріп, өзіне-өзі қол жұмсамақ болды. Әйелінің өзіне қол жұмсамақ болғанын ер адам 911 нөміріне хабарлады. 

Үш кішкентай бала ес-түссіз және ауыр жарақаттармен табылды.

Прокурорлардың айтуынша, қайғылы оқиға болған күні Линдси Клэнси баласын педиатрға апарып, балалармен бірге аулада аққала жасап жатқан. Сол күні кейінірек ол мейрамханаға қоңырау шалып, тамаққа тапсырыс беріп, күйеуінен тамақты алып кетуін сұраған.

Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің салдарынан Клэнси сал болып, қазір мемлекеттік ауруханада жатыр. 20 шілдеде ол сотқа мүгедектер арбасымен келді. Оның күйеуі Патрик Клэнси бұған дейін әйелін кешіретінін және олардың некесі керемет болғанын айтты.

Әйе бала босанғаннан кейін күйзелісті бастан кешірген. Клэнсидің бұрын суицидтік ойлар туралы айтқаны және қаңтардың басында бес күнге психикалық денсаулық сақтау клиникасына ерікті түрде барғаны белгілі болды

Линдси Клэнсидің сот процесі алты-сегіз аптаға созылады.

Қырмызы Скендір
Сәрсенбі, 12 Тамыз, 2026 11:59