Шенеуніктер Теміртаудағы алаңның жөндеу жұмысы үшін ақталуға мәжбүр болды
Теміртау шенеуніктері әкімдік алдындағы алаңның қарқынды қайта жаңартыулына байланысты ақталуға мәжбүр болды. Қоғам белсенділері жобаның құны 600 миллион теңгеден 1,5 миллиард теңгеге дейін не себепті өскеніне таңданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Белсенділер билікке тозығы жеткен инженерлік желілерді, қаланың шет аймақтарында асфальттың жоқтығын және ескі қаладағы үш жыл бұрын басталған сквер жөндеуінің әлі аяқталмағанын еске салды
“Мына жерде қазірдің өзінде жол болуы керек еді. Орталық, Самарқанд, Оңтүстік көшелерінде осыдан төрт жыл бұрын коммуникациялар жүргізілген. Біз күтіп жүрдік, бәрі дайын еді. Бірақ тағы да бас тартты. Тағы да "ақша жоқ" дейді. Бюджетте қаражат жоқ екен. Ал ана жаққа ақша табылады. Неге екені белгісіз, ол жерге мердігерлер де тез табылады, аумағы да тез қоршалады. Ал бізде бұл мәселе төрт жылдан бері созылып келеді”, – дейді белсенділердің бірі Наталья Мухина.
Енді тұрғындар мен шенеуніктерді биік қоршау бөліп тұр. Алаңда жұмыс қызу жүріп жатыр. Дәстүр бойынша жұмысты қырланған кеспе тастарды бұзудан бастады. Бұдан бөлек, мұнда бұталар отырғызылып, жаяу жүргіншілерге жол салынып, орындықтар, жарықтандыру жүйесі және сәулеттік нысандар орнатылады.
Жобаның бес жыл бұрын әзірленгені белгілі болды. Ол кезде оның құны 600 миллион теңге болған. Алайда осы уақыт ішінде баға өсіп, енді алаңды қайта жаңартуға 2,5 есе көп қаражат қажет.Дегенмен шенеуніктер бюджет қаржысын үнемдеп жұмсап жатқанын айтады. Тіпті, үнемдеу мақсатында субұрқақты күрделі жөндеуден өткізу жоспарынан бас тартқан.

Әкімдіктегілер коммуналдық мәселелерді шешуге де қаражат пен ресурстар жеткілікті болатынын атап өтті.
“Қазір қалада коммуникациялар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жылу магистралі желілерінде жұмыстар атқарылуда. Оған бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер ұйымдар анықталды, жұмыстар жүріп жатыр. Бұл жерде жөндеу жүргізу қажет болды. Сквер өте ескі еді, жағдайы мүшкіл болатын. Оның үстіне, бұл аумақтың көлемі де үлкен”, – дейді Теміртау қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Думан Серіков.
Сондай-ақ ол мұнда демалып, серуендеп, балаларымен уақыт өткізетін жергіліктің халықтың көп екенін атап өтті.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді