Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман сағыздың денсаулыққа зиянды тұсын айтты

сағыз
Фото: magnific.com

Сағыз созылмалы бас ауруын тудыруы мүмкін. Сондықтан оны тек тамақтан кейін және 10–15 минуттан артық шайнамау керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RT басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл кеңесті балалар дәрігері-стоматолог Екатерина Шаула айтты. Оның сөзінше, тамақ ішу кезінде сілекей бездері белсенді жұмыс істейді. Сілекей тағам қалдықтарын механикалық түрде тазалап, тіс жегісін тудыратын қышқылдардың әсерін азайту сияқты бірнеше қорғаныш қызметін атқарады. Алайда дәрігер бұл механизм тек қантсыз жағдайда тиімді жұмыс істейтінін айтты. 

“Негізгі медициналық қарсы көрсетілімдердің бірі – самай-төменгі жақ буынының дисфункциясы. Егер ауыз ашқанда шықырлау немесе ауырсыну сезілсе, буынға түсетін артық жүктемені шектеу қажет”, – деді маман.

Сонымен тістері қатты мүжілетін адамдар мен бруксизмге шалдыққандарға (ұйқыда тіс қайрау) сағызды абайлап қолдану ұсынылады. Бұдан бөлек, сорбитол секілді кең таралған тәттілендіргіштерді шамадан тыс пайдалану ішек жұмысының бұзылуына және диареяға әкелуі мүмкін.

Дәрігердің айтуынша, балалар мен жасөспірімдерде сағыз бет бұлшықеттеріне артық күш түсіріп, созылмалы бас ауруын туындатуы ықтимал.

Ал брекет тағатын адамдарға сағыз шайнау ерекше сақтықты талап етеді. Себебі сағыз брекет бөліктеріне жабысып қалып, құрылғының бекіткіштерінің ажырауына себеп болуы мүмкін.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 16 Мамыр, 2026 20:00