Шымкентте оқушы қызға қол жүгірткен 56 жастағы ер адам айыппұлмен құтылды

Үшінші сыныпта оқитын жеткіншекті аймалап, арам ойын іске асырмақ болған 56 жастағы ер адам сот залынан босатылды. Арам ойын іске асырмақ болғаны бейнекамераға жазылса да, 216 мың теңге айыппұлмен жазадан құиылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның ”Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сәуір айында көпқабатты үйдің кіреберісінде 56 жастағы ер адам көршісінің кішкентай қызына тиісіп, қол жүгірткен. 8 жастағы оқушының денесін ұстап, қарсылығына қарамастан көтеруге ұмтылған. Бірақ жеткіншек қашып үлгеріп, баспананың шатырына бір-ақ шыққан дейді анасы.
“Қызым қашқан кезде 9-шы қабатқа қашқан да шатырға шыққан. Артынан зуылдап жетіп барған. Ол қалып қоймаған. Шатыр жабық болған. Тоғызға түскен кезде әйелдер көріп қалғанда ол кісі қасында тұрған. Ол әйелдер ұрысып, қуып жібергеннің өзінде астына түсу үшін қызымды лифтінің ішінде күтіп тұрған”, – дейді қыздың анасы.
Әйел азғындық жасамақ болған адамның тек айыппұлмен жазадан құтылып кеткенімен келіспейді. Себебі, алғашында "16 жасқа толмаған адамға азғындық жасау" дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілген. Алайда сотта іс мүлдем басқа бапқа ауысқанын түсіне алмадым деп ашынады.
Оқыңыз“Сот барысында мені сөйлеткен жоқ. Өздері шешім шығарып алды. 216 мың теңге айыппұлмен шығарып жіберетіні, қалай сонда? Қызды зорламақшы болады, бірақ сондай шешім шығарып береді сот. Белгілі болғандай, қалалық сотта іс "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасау" бабымен қаралған екен. Cудья айыпталушының екінші топтағы мүгедектігі барын ескеріп, жеңіл жаза кесіпті”, – дейді жәбірленушінің анасы.
Шымкент қалалық сотының мәліметінше, қылмыстық кодекстің 467-бабы 1-бөлігіне сай қамаққа алу жазасы қылмыстық кодекстің 108 және 109-баптарынан басқа қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға 2027 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданылады.
“Аталған заң нормаларына сүйене отырып жаза тағайындағанда сот сотталушының жасаған әрекеттері үшін шын ниетпен өкінгенін және екінші топ мүгедек екендігін ескерді”, – делінген сот жауабында.
Осылайша судья қылмыстық кодекстің 55-бабы 4-бөлігін қолданып, айыпталушыға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 216 250 теңге айыппұл салды.
Үшінші сыныпты тәмамдаған қыз қазір емін-еркін жүруден қалды дейді анасы. Психологиялық соққы алған оқушының ата-анасы осы сұмдық жағдайдан соң тұрып жатқан үйлерінен де көшіп кетіпті. Олар айыпталушының темір торға қамалуын талап етіп отыр. Өйткені, мұндай адамдар бостандық жүрсе басқа қыздарға да азғындық жасауы мүмкін дейді.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады