Facebook, Instagram және WhatsApp пайдаланушылары желілердегі ақауларға жаппай шағымдануда

Facebook, Instagram және WhatsApp пайдаланушылары желілердегі ақауларға жаппай шағымдануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақаулар әлемнің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Қазақстанда да тіркелген.
Downdetector қызметінің мәліметінше, желі пайдаланушылары көбінесе әлеуметтік желілердің веб-нұсқасына кіре алмау, аккаунттардан кенеттен шығып кету, сондай-ақ желілердегі жазбалардың жаңартылмауы мен жазба жариялаудағы ақауларға шағымданған.
Meta компаниясының өкілі Энди Стоун X желісіндегі жазбасында компания бұл ақаулардан хабардар екенін және оларды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Біз жұмысты қалпына келтіріп келеміз, дегенмен барлық жүйенің толық қалпына келуі үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін", – деп жазды Meta өкілі.
Еске салсақ, бұған дейін iPhone иелері Telegram қосымшасындағы ақауларға жаппай шағымданған еді.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген
Оқыңыз