Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам ақша үшін төрт жыл бойы соқыр адамның кейпін танытқан

Көзі көрмейтін адам
Фото: Magnific.com

АҚШ-та ер адам төрт жыл бойы өзін көзі көрмейтін адам ретінде көрсетіп, мемлекеттен қомақты ақша алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Флорида штатының тұрғыны Джерри Смит ардагерлер ісі жөніндегі министрлікті (VA) бірнеше жыл бойы алдап келгенін мойындады.

73 жастағы ер адам өзін көру қабілетінен толықтай дерлік айырылған адам ретінде таныстырған. Ол көзі нашар көретіндіктен көлік жүргізе алмайтынын, жұмыс істей алмайтынын және күнделікті тіршіліктегі қарапайым әрекеттерді өз бетінше орындай алмайтынын айтқан. Осылайша 2017-2021 жылдар аралығында VA тарапынан 245 мың доллар (шамамен 125 миллион теңге) көлемінде жәрдемақы алған.

Алайда тергеу барысында Смиттің осы жылдар ішінде көлік жүргізіп, кітап оқып, банкомат пайдаланып, дүкенге өз бетімен барып жүргені анықталған. Ол көз дәрігерлерінің алдында соқыр адамның кейпін танытқанымен, шын мәнінде мектепте күзетші болып жұмыс істеген және атыс қаруы бойынша маман болған.

Қазір егде жастағы ер адамға 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Stan.kz
Сенбі, 16 Мамыр, 2026 21:10