Абай облысында мал іздеймін деп жоғалған 8 жасар баланың анасының алғыс айтқан видеосы тарады
11 ақпанда Аягөзде 8 жасар Мерейді іздеуге ондаған құтқарушы, полиция, әскерилер мен еріктілер жұмылды. Құтқару жұмыстарынан кейін төтенше жағдайлар министрлігі әйелдің алғыс білдірген видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баланың анасы іздеуге атсалысқан баршаға алғысын жаудырды. Жиналғандар қуаныштан көзіне жас алған әйелді “бәрі жақсы” деп тыныштандырып жатыр.
11 ақпан күні сағат 10:00 шамасында 8 жасар бала атпен мал іздеуге шыққан. Бала кешке үйде болмаған соң, ата-ана өз бетінше іздестіру жүргізген, бірақ оң нәтиже бермей, полицияға хабарласқан.
Баланы іздеуге әскерилер де қосылғаны белгілі болды.
Қарлы боранның кесірінен мал іздеуге кеткен бала жоғалып кеткен. Түнгі 00:00 шамасында Абай аудандық полиция бөлімі баланың табылғанын хабарлады. Қарлы боран басылған соң ол іздеушілерді байқап, жарыққа қарай жүрген. Төтенше жағдайлар министрлігі оның жағдайы жақсы екенін, медицина көмегіне мұқтаж емес екенін айтты.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"