Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе мектептерінде жаппай атыс шығармақ болған 18 жастағы шетелдік ұсталды

Ақтөбе қаласының мектептеріне қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқан күдікті анықталды. Ол жақын шетелдің 18 жастағы азаматы болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ.

"Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, желіде Ақтөбе мектептерінде 26 қаңтарда атыс болады деген хабар таратқан Telagram арна пайда болды. Арнаға 1600-ға жуық адам жазылған. Жазба авторы мылтық пен тапаншалардың суретін жариялағанын жазған болатынбыз. Ақтөбе облысының әкімі бірден аталған мектептерге барып, қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен танысты. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Талқылау