Бішкектегі бас алаңда Қырғызстанның жаңартылған туы көтерілді
Бішкекте бас алаң Ала-Тоода Қырғызстанның жаңартылған туы көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Кыргызстан порталына сілтеме жасап.

Cурет Sputnik Кыргызстаннан
Бұған дейін ел президенті Садыр Жапаров Қырғызстанда жаңа ту ілінген кезде ескі туға да ұқыптылықпен қарау талаптары күшінде болатынын атап өткен болатын.
Ол мемлекеттік рәмізді өзгерту оның жеке бастамасы екенін мойындады.
"Жұмыс сапарының аясында 30-ға жуық елде болдым.Шетелдік делегаттармен кездесулерде менен бес рет ту туралы сұраған шығар. Олар: "Сіздің республикаңыздың басымдығы неде? Сіз ауылшаруашылыққа басымдық беретін елсіздер ме?" дейді", - деді Қырғызстан президенті.
Еске салсақ, Қырғызстанда парламент депутаттары елдің мемлекеттік туындағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынатын заңды үшінші оқылымда қабылдағанын хабарлаған едік. Бішкекте ел туының өзгеруіне қарсы наразылық шеруі өтті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар